KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Жүргізуші куәлігін алу қиындады ма?

Фото: kolesa.kz

16.04.2024, 12:24 201 Ынтымақ Толқын

Қазақстанда жүргізуші куәлігін өзі оқып алуға тыйым салынды.

23 сәуірден бастап автомектеп бітіргендер ғана куәлік ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өзгеріске сәйкес, емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін беру ережелерінен А және В, сондай-ақ А1 және В1 категориясын өздігінен оқып куәлік алу тармағы алынып тасталды.

Бұйрық 2024 жылғы 12 сәуірде жарияланды және он күннен кейін күшіне енеді. Осы күннен бастап куәлік алғысы келетіндер көлік жүргізуге рұқсат беру туралы №073 медициналық анықтаманы және курс бітіргені туралы автомектеп берген анықтаманы көрсетуі қажет.

Айта кетелік, елімізде жүргізушілерге өз бетінше дайындалуға 2016 жылы рұқсат етілген болатын. Алайда 2022 жылы депутаттар бұл ережеден бас тартуды ұсынған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив