Жүргізуші куәлігін алу қазақстандықтар арасында танымал курортта жеңілдетіледі
Фото: mamaasia.info
Шри-Ланкада шетелдіктерге жүргізуші куәлігін алу процесі жеңілдетіледі. Куәлік тікелей әуежайда жасап беріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengritravel.kz сілтеме жасап.
«Бұл елде халықаралық жүргізуші куәліктері қолданылмайды. Автокөлік немесе мопедті жалға алу үшін бірқатар бюрократиялық рәсімдерден өтіп, 35 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін төлеу қажет болатын. Сонда да туристердің барлығына бірдей жүргізуші куәлігін бере бермейтін, деп жазады Economynext.
Шри-Ланка куәлігін алу үшін қандай құжаттар қажет болатыны әзірге белгісіз. Қолданыстағы халықаралық жүргізуші куәлігін көрсетіп, баж салығын төлеу жеткілікті болуы мүмкін.
Жыл сайын Шри-Ланкада 3500-ге жуық шетелдік жүргізуші куәлігін алуға өтініш береді.
Айжанат Бақытқызы