KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді

20.08.2019, 12:27 198

Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, өзгеріс медициналық тексеруге қатысты болып отыр. Яғни, жүргізуші куәлігін алғаннан кейін өтетін медициналық тексерудің тәртібі жеңілдетіліпті.

Енді жүргізушілер 7 дәрігердің орнына тек төртеуінен ғана өтеді: терапевт, офтальмолог, оталаринголог және психиатр-нарколог. Сондай-ақ, түрлі анализдер тапсырудың қажеті жоқ екен.

Психиатр-наркологтан анықтама алу процесі жеңілдетіліпті. Анықтаманы «Диспансерлік науқастардың электронды реестрінде» аурудың жоқтығын тексеретін терапевттен алуға да болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу