KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Үйлерін су басқан саяжай тұрғындары да назардан тыс қалмайды

ҚР ТЖМ

20.04.2024, 16:00 159 Назерке Каримова

Су басқан өңірлердегі тұрғын үй мәселелерін жедел шешудің нақты тетіктері әзірленді.

Зардап шеккен жұрттың баспана мәселесін шешу үшін су басқан үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.

ҚР ӨҚМ ресми өкілі Меруерт Ибраева айтқандай, техникалық байқау қорытындысы негізінде жөндеу жұмыстарына әкімдік мердігерлері тартылады немесе үй иелері өтемақы есебінен өз үйлерін өз бетінше жөндеуге де мүмкіндік алады. Ал егер үйді қалпына келтіру мүмкін болмаса, мемлекет бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынады: жаңа тұрғын үй салу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығында дайын тұрғын үйді сатып алу. Сонымен қатар, азаматтардың баспананы өз бетінше таңдауға мүмкіндігі болады, бұл жерде бекітілген стандартты жобадан аспайтын шығындардың лимиті бар

Су тасқыны орын алған аймақтардағы саяжай тұрғындары да, бұл олардың жалғыз үйі болса, назардан тыс қалмайды. Мүлік иелігін растайтын құжаттары сақталмаған жағдайда да мемлекет оларды баспанамен қамтамасыз етеді. Тұрғын үй құрылысы уәкілетті орган мен әкімдіктер бекіткен үлгілік жобаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

– Тұрғын үй құжаттары болмаған жағдайда меншік құқығын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және денсаулық сақтау органдары растайды. Жаңа тұрғын үй салу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үш климаттық шағын аудан бойынша мынадай параметрлермен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған типтік жобаларды әзірледі: ауданы 80 шаршы метр бір отбасылық тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 1,5 ай; ауданы 160 шаршы метр екі пәтерлі тұрғын үй. Құрылыстың болжамды мерзімі – 2,5 ай, – деді спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив