Елде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтілмек
freepik.com
Бүгінгі таңда бұл бағытта еліміздің төрт макроөңірі таңдалды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ақпараты бойынша, онда экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация» және «Гидротехникалық құрылыс» және т. б. мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгінде еліміздің бес колледжі су саласының мамандарын даярлайды. И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі, Түлкібас агробизнес және туризм колледжі, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі және Манап Өтебаев атындағы жаңа технологиялар жоғары колледжінде гидрогеология саласының 300-ге жуық болашақ мамандары оқиды және олардың 90%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.