ШҚО-да кәсіптік білім беру ісі көш ілгері
Шығыс Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жаңа деңгейге көтерілді.
Облыс әкімдігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) біріктірген білім беру жүйесі жолға қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соның нәтижесінде студенттерді практикалық дағдыларға баулитын жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім мекмелері қалыптасты. Онда жастар ғылыми зерттеумен айналысып, авторлық әзірлемелер жүргізіп, өз өнертабыстарына патент ала алады.
Жалпы, өңір студенттері команда болып WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына ұдайы қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мәселен Австриядағы Еуропа Чемпионатында және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Азия чемпионатында ел намысын қорғаған шәкірттер бар. Мұның бәрі облыста кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыру және ТжКБ жүйесін жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралардың оң нәтиже деп білеміз.
Естеріңізге сала кетейік, биыл өңірдегі колледждерге сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлауға облыс әкімінің гранттары бөлінді.
Екі жетекші техникалық колледждің негізінде WorldSkills стандарттары бойынша құзыреттілік орталықтары құрылды. Олар білікті кадрларды даярлауға негіз болады.
Оған қоса көпсалалы технологиялық колледжде тау-кен бейіні мамандарын даярлау жөніндегі құзыреттер орталығы құрылды.
Кейбір орта білім беру мекемелерінде жаңа мамандықтар пайда болғанын да айтуымыз керек. Мысалы, машина жасау жүйелерін орнату. Алдағы уақытта туризм саласының мамандарын адаярлауға грант бөлу мәселесі шешіледі. Өйткені өңір үшін бұл маңызды саланың бірі.
Кәсіптік-техникалық білім беруді кешенді дамытудың арқасында талапкерлердің шетел асу азайды. Өйткені олар қазір оқып жүріп-ақ жұмыс орнын тауып үлгереді.
Соңғы жылдары өңірде білім беру жүйесімен бірге жатақхана мәселесі де жолға қойылды. Бір сөзбен айтқанда, жұмысшы мамандығын меңгеремін деген студенттер тегін оқуға, қалаған жұмысын тауып, әлеуетін іске асыруға мол мүмкіндік алып отыр.