KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО емханаларында Аналар күні атап өтілді

13.05.2024, 14:01 134 Айна Ескенқызы

Биыл елімізде алғаш рет Аналар күні атап өтілді. Мереке аясында облыс емханаларында ашық есік күндері өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы шара барысында Өскемен қалалық №1 емханасында 60-тан қыз-келіншек мамандардан денсаулық пен өмір сапасын сақтауға көмектесетін кеңестер мен ұсыныстар алды. Оларға болашақ ананың денсаулығы,  бала көтеру мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. Дәрігерлер жүктілікті жоспарлау, әйелдер органдарының аурулары, денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстарын айтып,  пайдалы ақпаратпен бөлісті.

– Мұндай іс-шаралар әйелдердің денсаулығы мен әл-ауқатына деген қамқорлығымыздың маңызды бөлігі болып табылады және олар одан кейін де жалғасын табады деп үміттенеміз. Ананы қорғау - біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым міндеті, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас репродуктологы Надира Слямханова.

Естеріңізге сала кетейік, Аналар күні әлемнің көптеген елінде мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл қатарда АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралия сияқты мемлекеттер бар. Бірқатар  елде бұл мереке басқа күні аталып өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив