KZ
Өскемен
-4°
снег жел 3 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Жаңбырдан кейін үсік жүреді - Қазгидромет

фото: depositphotos.com

20.05.2024, 14:52 177

Синоптиктер алдағы үш күнде – 21 мамыр мен 23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күшейеді.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық аймақта қысқа жаңбыр мен бұршақ жауып, жел екпіні күшейеді. Тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, -2°C аяз болады", - делінген хабарламада.

Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, күндізгі температураның жоғарылауына ықпал етеді:

  • батыс және оңтүстік аймақтарда +18+28°С дейін көтеріледі;
  • солтүстік, орталық, шығыс облыстарда +15+23°С дейін;

Тек 23 мамырда еліміздің солтүстігінде +7+15°С дейін төмендейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу