KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

5.11.2019, 04:05 352

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қазгидромет ақпараты бойынша, 5-7 қараша аралығында республиканыңбасым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады.

Суық атмосфералық фронттар мен белсенді циклон орталық, батыс және солтүстік батыс, аймақтарда ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Сондай-ақ, аталған облыстарда жауын-шашын болып, жел күшейеді, кей жерлерде бұрқасын соғады.

Оңтүстік жақта да күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады.

Алдағы тәулікте циклон шығысқа қарай жылжып,  оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғады.

Жалпы Қазақстанның аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу