Күн тағы да суытады
Фото: tulatv.ru
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнде – 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында республикада ауа райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, сәуірдің соңғы күні мен мамырдың басында ауа температурасы төмендейді.
– Батыс Ресей облыстарынан соққан антициклонның екпіні солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасының түнде -1-6°С, күндіз +5°С-қа дейін төмендеуіне әкеледі, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК мамандары.
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілетінін атап өтті. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
– Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман күтіледі, – дейді синоптиктер.
Оқи отырыңыз