Өңдеуші өнеркәсіп салаларына мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі?
Фото: gov.kz
Экономика қоғам дамуының негізі болса, сол қоғамның негізгі буыны – мемлекет болып табылады. Бүгінде экономика салаларында мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетіледі.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының (бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі) деректері бойынша, мемлекеттік гранттар беру ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында және соңында жоспарланған, деп хабалайды Altainews.kz тілшісі.
Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 7-8% мөлшерінде 3 жылға дейінгі мерзіммен 20 млн. теңге субсидия беріледі.
Ал, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 8-10% мөлшерлемесімен 3 млрд. теңгеге дейін несие ала алады. Ондағы негізгі мақсат - инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, 5 жылға дейінгі мерзіммен қайта қаржыландыру.
- «Механизм шеңберінде субсидиялау» («Қарапайым заттар экономикасы») бағыты бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеуші өнеркәсіптегі қызмет саласының кәсіпкерлері басым жобаларды іске асыру үшін мемлекеттен қолдау ала алады.
Бұл ретте шағын, орта және ірі кәсіпкерлерге айналым қаражатын толықтыру үшін 8-10 пайыз мөлшерінде 7 жылға дейін ең жоғары сома 15 млрд.теңге субсидия беріледі. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында кепілдіктер беріледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кепілдік сомасы 20 млн. теңгеге дейін, кепілдік мөлшері 85% несие мерзімінен аспайды.
- шағын және орта кәсіпкерлік кепілдік сомасы 1,5 млрд. теңгеге дейін, кепілдік мөлшері 85% несие мерзімінен аспайды.
- шағын, орта және ірі кәсіпкерлік үшін «Механизм шеңберінде субсидиялау» («қарапайым заттар экономикасы») бағыты бойынша кепілдіктердің ең жоғары сомасы 3,5 млрд.теңгеге дейін, ал кепілдіктердің мөлшері кредит сомасының 50% - нан аспайды.
Сонымен қатар, мемлекеттік гранттар берудің жаңа Ережелері бекітілді.
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне (тізілімге сәйкес), «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламаларының курстарынан өтеусіз негізде өткен кәсіпкерлік субъектілеріне, тек конкурс жеңімпаздарына («Атамекен» ШҚО КП арқылы) беріледі.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеден аспайды.