KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

«Даму» қоры шағын және орта бизнесті қолдауға өтінім қабылдай бастады

Фото: inkaraganda.kz

8.02.2024, 20:38 125

ШҚО кәсіпкерлері субсидия немесе кепілдік алу үшін Өскемендегі «Даму» қорының  филиалына немесе online.damu.kz платформасы, egov.kz веб-порталы арқылы қашықтан өтінім бере алады.

2024 жылғы 5 ақпаннан бастап «Даму» қоры жаңартылған «Бірыңғай кешенді бағдарламаны» жүзеге асыра бастады. Бағдарлама шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан тиімді қолдау көрсетіп, экономиканың түрлі салаларындағы бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын отандық жобаларды дамыту үшін бекітіліп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап .

Кешенді қолдау шаралары бұрынғы бағдарламаларды жетілдірді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді:

«Микрокәсіпкерлік»;

«Шағын және орта кәсіпкерлік»;

«Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік»;

«Моно - және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік»;

«Әлеуметтік кәсіпкерлік»;

«Қор биржасы».

Бағдарлама аясында негізінен өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу және жоғары технологиялық қызметтегі жобалардың несие мөлшерлемесін субсидиялауға басымдық беріліп, сараланған әдіс пайдаланылады. Мұндай жобалар бойынша алғашқы үш жыл ішінде кәсіпкер несиесін 8%-бен, төртінші жылдан бастап 9%-бен, бесінші жылдан бастап 10%-бен төлейді.

Сонымен қатар бағдарлама қор нарығын дамытуды көздейді. Мәселен, облигациялар шығарылымының бір эмитентке деген жиынтық номинал құны 3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылып, кәсіпкер үшін бес жылға дейінгі мерзімге 6% түпкілікті мөлшерлеме белгіленді.

Сондай-ақ Қор қаржылық қолдау шараларын кеңейтіп, субсидия құралынан кепілдік беру құралына қарай кезең-кезеңімен көшуге ниетті. Бұл жаңалық несиеге кепілдік беру аясын кеңейтеді. Қазір кепілдік берілетін несие сомасы 1 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін көтеріліп, кепілдік мөлшері несие сомасының 50% болды.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты да міндеттемелер енгізілді. Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды іріктеу үшін міндетті нақты критерийлер белгіленді. Мысалы, мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер еңбекақы төлеу қоры мен салық аударымдарын арттыру керек.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу