Шағын және орта бизнеске субсидия азаяды
Фото: static4.banki.ru
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген бағдарлама шеңберінде «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын кезең-кезеңімен ұлғайту мен біріктіру жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Министрдің пікірінше, мұндай тәсіл ставкалық субсидияларды қаржыландыратын бюджетке түсетін жүктемені азайтып, бизнестің нарықтық қаржыландыру тетіктеріне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында бизнес тарапынан өзара міндеттемелер күшейтілді.
Жаңа жобаларды субсидиялау негізінен өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына беріледі. Жалпы, жаңа бағдарлама алты бағыттан тұрады: шағын кәсіпкерлік; шағын және орта кәсіпкерлік; өндіріс пен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі бизнес; моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік; әлеуметтік кәсіпкерлік және қор биржасы.
Министрліктің ақпараты бойынша, елдің жалпы ішкі өніміндегі ШОБ үлесі 2021 жылғы 33%-дан 2023 жылы 36,5%-ға дейін өскен.
Елімізде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың экономикасы» болып қала береді.
Биыл 40 мың іске асырылып жатқан және 20 мың жаңа шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бюджеттен 300 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Айжанат Бақытқызы