Аягөз қаласының 12 көшесі жөнделеді
Аягөз қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2020 жыл бойынша Аягөз қаласының 12 көшесіне (Шакенов, Дүйсенгазин, Горький, Шынқожа батыр, Радионов, Ғ.Шөкімұлы, Т.Бигельдинов, Аталыков, Байтурсынов, Б.Момышұлы (солтүстік теміржол өткелінен Алматы Өскемен тас жолына дейінгі аралық) жолдарына асфальт төсеу және 20 көшенің жолдарына құм-қиыршық тас қоспасын төсеу жұмыстары жоспарланған.
Кәзіргі уақытта Шакенов, Ларшин, Таңірберген, Ақтамберді, Б.Момышұлы атындағы көшелерде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қабанбай батыр және Терешкова атындағы көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды.