KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Президент полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

gov.kz

23.06.2024, 13:00 91 Назерке Каримова

23 маусым – Қазақстанда Полиция күні болып бекітілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заңды қабылдаған еді. Бұл заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болды.

2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды. Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив