KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО әкімі облыстың тәртіп сақшыларын құттықтады

polisia.kz

23.06.2024, 13:30 104 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аймақ басшысы құттықтауын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

⁃ Бүгін Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Полиция қызметі -  ел тыныштығын қорғау жолында өз өмірін бәйгеге тігетін, тәуекел мен қауіп қатар жүретін елеулі іс. Күні-түні аянбай заң мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамда тұрақтылық орнатуда. Олар жұмыстарына адал, сертіне берік, қырандай қырағы, сауысқандай сақ, әрі жылдам, кәсіби білікті тұлғалар. Халықтың тыныштығын күзетіп, қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін, қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын алатын аса маңызды құрылым. Ел үшін аянбай қызмет етуде полицейлердің еңбегі ерен. Мереке қарасаңында, барша  полицейлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым жұмыста табысты болыңыздар! - деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив