Азия Кубогында қазақстандықтар 2-орын алды
Қазақстан дзюдодан Азия Кубогында 6 алтын, 7 күміс, 14 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Б. Махмұтовты еске алуға арналған Азия Кубогы аяқталды.
- Жарысқа 9 командадан 355-ке жуық татами шебері қатысты. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс, 14 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Өзбекстан спортшылары (6 алтын, 7 күміс, 16 қола) көш бастаса, Моңғолия (3 алтын, 2 күміс) үздік үштікті түйіндеді, - деп хабарлады министрлік.
Оқи отырыңыз