KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында топ жарды

instagram/sport_comiteti
instagram/sport_comiteti
8.05.2024, 20:00 163 Назерке Каримова

Қазақстан құрамасы бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпараты бойынша, еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ерлер командасында 13 медаль: 8 алтын және 5 күміс.

Азия чемпионы атанғандар: 51 келіде Кенже Мұратұлы, 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек, 67 келіде Елнұр Сүйінбай, 71 келіде Сабыржан Аққалықов, 75 келіде Диас Молжігітов, 80 келіде Ерасыл Жакпеков, 86 келіде Темірлан Мұқатаев, 92 келіде Бекнұр Батырбек.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді: 6 алтын, 4 күміс, 1 қола.

Чемпиондар: 50 келіде Гүлнар Тұрапбай, 60 келіде Шахназ Исаева, 66 келіде Ақнар Ишанова, 70 келіде Жасмин Қизатова, 81 келіде Диана Мағауияева, +81 келіде Елдана Талипова.

Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу