Қазақстанда ұлттық жастар онкүндігі басталды

t.me/madenietaqparat
Биыл Халықаралық жастар күні «Жастармен бірге» ұлттық жастар онкүндігі форматында аталып өтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратына сүйеніп.
3-12 тамыз аралығында өтетін онкүндікте республика бойынша 1 000 000-нан астам адам қамтылып, бес мыңнан астам іс-шара жоспарланған.
Іс-шаралар 3 тамызда Taza Qazaqstan экологиялық акциясымен басталды. Еліміздің барлық өңірлерінде жастар саябақ аймақтарын, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандар аумақтарын абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.
Онкүндіктің әр күніне арнайы тақырып қойылған:
- 3 тамыз – Таза Қазақстан
- 4 тамыз – Жас келсе, іске!
- 5 тамыз - Денсаулық - зор байлық
- 6 тамыз - Ғылым таппай мақтанба!
- 7 тамыз - Мейірімділік мекені
- 8 тамыз - Адал азамат
- 9 тамыз - Еңбек бәрін де жеңбек
- 10 тамыз - Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
- 11 тамыз - Қорған-24
- 12 тамыз - Жастармен бірге