Жастарға ұлттық бағдарламалар, мемлекеттік қолдау түрлері түсіндірілді – Өскемен
Фото: Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы
14 маусым республика бойынша жастармен жаппай кездесу өткізуге арналды.
Осы күні жастар арасында ұлттық бағдарламалар мен мемлекет көрсететін қолдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығының мамандары Мыза көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан көтерме сауда нысанын аралап, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға қаланың Жұмыспен қамту орталығының мамандары және қоғамдық пікірдің көшбасшылары арнайы шақырылды.
Оқи отырыңыз