Түнде жалғыз жүрген бала үшін ата-анасына қанша айыппұл салынады?
pexels.com
Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе полиция бөліміне жеткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.
- Сағат 22.00 мен таңғы 6.00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды. Сондай-ақ, сағат 23.00 таңғы 6.00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған, - деп ескертеді тәртіп сақшылары. - Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады.
- Ойын-сауық орындарында жүрсе - 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса - 7 АЕК айыппұл қарастырылған, - деп мәлімдеді министрлік. - Беймезгіл уақытта баланың ойын-сауық орындарында болғаны үшін нысан иесіне де айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз
«Түнгі қаладағы балалар» рейді жүріп жатыр - ШҚОШҚО-да 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелдіКәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі сатқан 6 дүкеннің иесі айыппұл арқаладыШҚО-да кәмілетке толмағандар түнде көшеге шыққаны үшін 66 ата-анаға айыппұл салындыПолицейлер бала құқығын қорғау үшін түнде рейд жүргізеді