KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Полицейлер бала құқығын қорғау үшін түнде рейд жүргізеді

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 10:26 314

17 шілдеде Өскемен қаласының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

"Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық шарасы 19 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – бала құқығын бұзу мен балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және үйден тыс жерде болуын анықтауға бағытталған.

Іс-шара барысында полицейлер алкогольдік ішімдіктерді тұтынатын кәмелетке толмағандарды, түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жерде заңды өкілінің қарауынсыз жүретін жеткіншектерді, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық істейтін адамдарды анықтау бойынша рейд жүргізеді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекет істеуге тартатын адамдарды анықтау бойынша шара атқарылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив