Машинистер 4,6 мыңнан астам рет пойызды жедел тоқтатуға мәжбүр болған
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ
ҚТЖ машинистері жарты ай ішінде адамды, малды және автокөлікті қағып кетпес үшін 4,6 мыңнан астам шұғыл тежеуішті басқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, 80% жағдайда локомотив бригадаларының кәсіби әрекеттерінің арқасында оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
– Шұғыл тежеудің көбіне малдың темір жолға шығып кетуі себеп болған. Теміржолшылар көп жағдайда автокөлік жүргізушілері темір жолдан өту тәртібін білмейтінін айтады, – деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. – Бірінші жартыжылдықта теміржол өткелдерінде 59 мәжбүрлі тоқтау тіркелсе, оның ішінде 43 жағдайда қағудың алды алынды. ҚТЖ пойыз машинисі теміржол өткелінде автокөлікті айналып өтіп, лезде пойызды тоқтата алмайтынын еске салады. Пойыз тежегішін басқанда, тіпті ең төменгі жылдамдықпен келе жатқанның өзінде, жолы 1000 м дейін жетеді.
Адамдар мен көлік жүргізушілерінің теміржолда жүріс-тұрыс ережелерін сақтамауы пойыздардың кідірісіне, локомотивтің, теміржол инфрақұрылымының бұзылуына, жүктің бүлінуіне әкеледі.
Оқи отырыңыз