KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Жыл басынан бері 42 адамды пойыз қағып кетті

Фото: top-fon.com

26.07.2023, 15:47 289 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанда жыл басынан бері 42 адамды пойыз қағып кеткен. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті мәлімдеді.

Жыл басынан бері көлік полицейлері теміржолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Пойыз астына 42 адам түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Соның тең жартысы қаза тапқан. Жазатайым оқиғадан қайтыс болғандардың арасында үш бала бар.

Сонымен қатар пойыздардың шұғыл тежелген кездері болған. Биыл осыған қатысты 930 дерек тіркелген. Үй жануарлары теміржол төсеміне шығып кеткені себебінен 572 рет пойыз шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болған.

"Мәселен, өткен демалыста төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайды болғызбады. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқықбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 5-бөлігі (белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген Көліктегі полиция департаменті сайтында.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив