Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
pixabay.com
Қазақстан аумағында 13 835 шетел азаматы еңбек етеді.
Ал шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 806 жұмыс беруші бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сүйеніп.
– Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 806 жұмыс беруші бар. Оларда 428,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8%-ы, – делінген хабарламада. – Құрылыста 4 825 адам: ауыл, орман және балық шаруашылығында 1 895 адам, әкімшілік және көмекші қызметтерде 1 577, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу ісінде 1 377 адам, өңдеу өнеркәсібінде 1 351 адам, – делінген хабарламада.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 248 адам, Өзбекстан – 1 956 адам, Түркия – 1 146 адам, Үндістан – 1 066 адам.
Оқи отырыңыз