KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Сурет: редакция архивінен

27.05.2024, 15:06 50 Айжанат Бақытқызы

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат);
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 592 және 549 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 639 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар. Оларда 455,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99%-ы. 

Қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 4 222 адам (30,7%),
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 686 адам (12,2%),
  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 652 (12%),
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 276 адам (9,2%),
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 300 адам (9,4%),
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 806 адам (5,8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 059 адам (29,6%),
  • Өзбекстан – 1 815 адам (13,2%),
  • Үндістан – 1 192 адам (8,6%),
  • Түркия – 1 068 адам (7,7%). 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.

2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив