KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 4 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда 600 мыңға жуық мұғалім бар

редакция мұрағатынан

Бүгін, 13:00 0 Назерке Каримова

Бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді.

Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді.

Балаларды білім нәрімен сусындатып жүргендердің басым көпшілігі нәзік жандылар болса (мектепке дейінгі ұйымдарда – 97 978, мектептерде 323 569, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында - 27 738), ерлердің үлесі – мектепке дейінгі ұйымдарда – 2 588, мектептерде 75 678 адам, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 13 417 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив