«Аңсаған сәби»: 8 мыңға жуық бала дүниеге келді
pexels.com
Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Осы бағдарламаның шеңберінде 8 мыңға жуық көптен күткен бала дүниеге келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.
- Әйелдердің денсаулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар саулығы»бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі, 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.
Оқи отырыңыз