KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Елде 6,6 миллионнан астам бала тұрады

Фото: Шартты сурет

18.05.2023, 23:42 702

Бүгінгі таңда елде 6,6 миллионнан астам бала тұрады. Соңғы 5 жылда балалар саны 800 мыңға көбейген көрінеді.
Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова елдегі бала туу көрсеткіші жөніндегі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат аганттігіне сілтеме жасап.

– Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту маңызды бағыттардың бірі саналады. Бүгінде елімізде 6,6 миллионнан астам бала тұрады. Соңғы 5 жылда балалар саны 800 мыңға көбейді. Жыл сайын елде 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Бұл – өте жақсы демографиялық көрсеткіш, – деді Мағрипа Ембергенова.

Дерекке сәйкес, елде балаларға амбулаториялық жәрдем көрсететін 5 мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны бар.

– Бұдан бөлек балаларға стационарлық көмек көрсететін 14 мыңнан астам төсек-орын ашылды. Балаларға медициналық көмек көрсету жүктілік кезеңнен басталады. Мәселен, жыл сайын елімізде 500 мың жүкті әйел халықаралық стандартқа сай барлық скрининг пен тексерулерден өтеді, – деп мәлімдеді Мағрипа Ембергенова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу