KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, В
505.71 591.43 6.65

Шекарашылар қос азаматтығы бар 7 азаматты анықтады

t.me/knbgov_kz

19.10.2024, 18:00 346 Назерке Каримова

Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.

Қос азаматтығы барларға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, елден шығарылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

- 14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі. - Ұсталған адамдар одан әрі полиция органдарына табысталды.


Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу