ШҚО-да қос азаматтығы бар ресейлік елден шығарылды
Фото: Inbusiness.kz
Глубокое кентінің тұрғыны қос азаматтығы болғаны үшін Қазақстаннан шығарылды.
Қыркүйекте көші-қон қызметінің қызметкерлері 2020 жылдың мамыр айында РФ азаматтығын алған Глубокое ауданының 63 жастағы тұрғынын анықтады. Тұрғын шетел азаматтығын алу фактісі туралы заңда белгіленген мерзімде хабарламаған және Қазақстан азаматының төлқұжатын және жеке куәлігін тапсырмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Полиция қызметкерлері қос азаматтығы бар ресейлікті ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және ол сот қаулысы бойынша 10 тәулік ішінде елден кетуі тиіс. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылу тіркелді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері өңірде 8 қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды.
Оқи отырыңыз