KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 48 адам анықталды – ШҚО

Фото: depositphotos.com

2.10.2024, 16:43 154 Ержан Әбіш

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар адамдарды анықтау үшін үнемі тексерулер жүргізеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мысалы, Өскеменнің 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамырында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

­– Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі, ­– деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Ішкібаев.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив