KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Самар ауданының тұрғыны "Қазақстанның құрметті азаматы" атанды

instagram/samar_audany

23.10.2024, 18:00 118 Назерке Каримова

Самарлық шебер Айдос Садықов 5 жылдан бері атадан қалған кәсіпті жаңғыртып жүр, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Самар ауданы Бастаушы ауылының тумасы, кәсіпкер, ұлттық өнердің жанашыры Айдос Ермекұлы "Қазақстанның құрметті азаматы" атағын алды. 

Айдос Ермекұлы ат абзелдерін, көкпар серкелерінің үлгісін былғарыдан жасап, түрлі-түсті ұзын қонышты етіктер тігіп, өз кәсібін дөңгелентіп отыр.

– Бұл жетістікке Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, Қазақстанның инновациялық даму орталығының тікелей қолдауымен өткен екі айлық байқауда қол жеткіздім. Ұлттық өнерімізді, соның ішінде көкпар мен бәйге ойындарына арналған ат әбзелдерін, ер-тұрман бұйымдарын және көкпарға былғарыдан жасалған, жаттығу серкесінің үлгісін, муляж жасауды 5 жыл көлемінде дамытып жүрген еңбегімнің жоғары бағаланғанына қуаныштымын, – дейді Айдос Ермекұлы.


Шебердің сөзінше, ұлттық өнер ортақ болғандықтан, жеңіс те ортақ.

– Бұл тек менің емес, барша қазақ халқының жеңісі деп білемін. Өйткені, ұлттық өнерді, дәстүрімізді, рухымызды жандандыру – біздің ортақ міндетіміз. Қазақтың рухы биік, еркіндігі мықты, болашағы жарқын. Алдағы уақытта да ұлттық спортымыздың дамуына өз үлесімді қосуға бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын. Біздің асыл мұрамыз – келер ұрпаққа аманат, – дейді дейді Айдос Ермекұлы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу