Еуропадан алтын медаль әкелген спортшыларды әкімнің өзі қарсы алды
Семейлік Дильназ Құмарова Крит аралындағы Ираклион қаласында өткен бразилиялық джиу-джитсу бойынша Еуропа біріншілігінде алтын медаль иеленді, деп хабарлады Семей қаласының ақпараттық орталығы.
Ал, Әлихан Ахметжанов чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Семей әуежайынан жас спортшыларды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, бразилиялық джиу-джитсу мектебінің негізін қалаушы Айдос Серікқалиұлы, спортшылардың туған-туыстары мен достары қарсы алды.
Дильназ - түрлі чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері, осы жолы тағы бір мәрте бағы жанып, құрметті бірінші орынды иеленді.
Семей қаласында бразилиялық джиу-джитсу клубын үш жыл бұрын кәсіпкер Айдос Серікқалиұлы ашқан. Балаларға клубта тегін айналысуға мүмкіндік берілді. Басты мақсат- табандылық танытып, жақсы көрсеткіш көрсету. Тоқсан қорытындысы бойынша ең үздіктер чемпионаттарға қатыстырылатын болады.