KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Самар ауданында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер анықталды

pexels.com

13.10.2024, 22:00 88 Назерке Каримова

Ағымдағы жылы Самар ауылындағы бастауыш мектеп мұғалімі мен колледж қызметкері жалған құжатпен жұмыс істеп жүргені әшкере болған.

Заңбұзушылықтар Самар аудандық прокуратурасының тексерісінен кейін мәлім болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Самар ауылының бастауыш мектебінің мұғалімі жалақыға қосымша ақы алу үшін Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің жалған құжатын пайдаланғаны анықталды.

- Сот педагогті осы ісі үшін 19 сәуірде ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, 20 АЕК айыппұл түріндегі жаза тағайындалды (кінәсін толық мойындауын ескере отырып, іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қаралды), - дейді Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсынов. - Мұғалім жалақысының үстінен заңсыз қосымша төлем алып отырған. Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес бюджетке 427 400 теңге қайтарылды.


Осы сынды тағы бір жағдай тіркелген. Бұл жолғы іс аудандық колледж шеберіне қатысты.

- Сот 22 шілдеде аудандық колледждің шеберіне қатысты техникалық және кәсіптік білім туралы көрінеу жалған диплом пайдаланғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Негізсіз алынған 1,9 млн теңгені мемлекет пайдасына өндіріп алу шаралары жүргізілуде, - деді Самар ауданының прокуроры Айдос Тұрсынов.


Жоғарыда аталған сот үкімдері заңды күшіне енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив