ШҚО-да шетел азаматтары елден шығарылды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері екі шетел азаматын елден шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Зайсан ауылдарының бірінде ықтиярхатсыз жүрген Өзбекстан азаматтарын көші-қон қызметкерлері рейд кезінде ұстаған.
«Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді полиция.
Сондай-ақ Алтай ауданында да рұқсатсыз тұрып жатқан тағы 9 шетел азаматы ұсталды.
«Бұл азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-тармағы 1-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, яғни ескерту жасалды», - деп жазылған аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің хабарламасында.