"Мигрант". ШҚО-да 100-ден аса шетелдік азаматты жазаламақ
Үстіміздегі жылдың 01-05 ақпан аралығында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 232 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 115-і шетел азаматы.
- Сонымен қатар жеке басын анықтау үшін қабылдау–бөлу орнына 2 адам орналастырылды, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР-ның 1 азаматын ұстады, ҚР азаматтық– процестік кодексі тәртібінде 2 азамат елден тысқары шығарылды (Ресей, Өзбекстан),- деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығы Ербол Бекпаев.
Шетелдіктердің Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес болу ережесінің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 518 бабы бойынша 113 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.