KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Күршімдік кәсіпкер арнайы рұқсатсыз Өзбекстан азаматтарына жұмыс істеткізген

20.05.2021, 16:44 341

13 мамырда Күршім ауданы көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке кәсіпкерде Өзбекстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатынсыз жұмыс істегенін анықтады.

Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 517 бабының 5 бөлігіне (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) сәйкес әкімшілік материал толтырылып, ары қарай шешім қабылдау үшін Күршім аудандық сотына жіберілді.

Жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК-ның 519-бабына (шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу