ШҚО – да «Қыран елім-Қазақстан» атты патриоттық акция өтті
Республика күнін мерекелеу аясында Риддер қаласының білім беру ұйымдарында «Қыран елім-Қазақстан» атты шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш шара барысында, қала мектептерінде оқушылар, оқытушылар, қызметкерлер мен директорлар жаппай мемлекеттік әнұранды орындады.
- Мектепте Мемлекеттік Әнұранды орындауға басымдық беріледі. Сондықтан Қазақстан Республикасы күніне орай оқушылар, педагогтар "Патриоттық дауыс" челленджін өткізді. Бұл акцияның мақсаты - патриоттық және азаматтық тәрбие беру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Туған өлкеге, отанға деген сүйіспеншілік өз халқына, тарихына, тіліне және мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудан басталады,- деді Риддер қаласының "№16 орта мектебі" КММ директоры Анар Сұлтанбекова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, патриоттық акцияға 3000-нан астам адам қатысқан.