KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, З
482.86 533.17 5.08

Өскемен қаласының әкімі спортшыларды құттықтады

18.08.2022, 15:22 185

Бүгін облыс орталығындағы үстел теннис оратлығында қала әкімі Жақсылық Омар спортшылырды құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Сіздерді тамаша мереке - спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшылар - рухтың күші мен ерік-жігердің үлгісі, олар марапаттарға, жеңістер мен құрметке лайық жандар. Елімізді даңқын асқақтататын талантты спортшылар мен тәрбиеленушілерге табыс, денсаулық, барлық ой-ниеттері мен үміттерін жүзеге асыруға тілектеспіз! - деді Жақсылық Омар.

Марапатталғандардың арасында ҚР екі дүркін чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, үстел теннисінен ҚР спорт шебері, 2022 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері (Италия) Денис Жолудева, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер, жеңіл атлетикадан ҚР 5 Жастар ойындарының чемпионы (Алматы қ.), XXXI Халықаралық әйелдер ойындарының қола жүлдегері (АҚШ) болды. qosanov MEMORIAL турнирінің 2022 ж. Анастасия Рыпакова, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2022 жылғы V20 ҚР чемпионатының қола жүлдегері Ерасыл Мамырбеков, жеңіл атлетикадан (биіктікке секіру) ХДСШ, ҚР құрама командасының мүшесі, ҚР Жастар ойындарының күміс жүлдегері, QOSANOV MEMORIAL 2022 XXXI Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері. Елизавета Матвеева, Велосипед спортынан ХДСШ, Велосипед спортынан 2019 жылғы Азия чемпионы (Индонезия), 2019 жылғы Кореядағы Азия чемпионатының жүлдегері, 2020 жылғы тректегі Қазақстан Республикасының чемпионы, 2022 жылғы тас жолдағы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегері Кристина Сужук және тағы басқалар бар.

Сондай-ақ федерация басшылары, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары мен директорларының орынбасарлары және қаланың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері де марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив