KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да трассалық-медициналық құтқару пунктері жұмыс істей бастады

4.11.2020, 08:03 230

Шығыс Қазақстан облысының автокөлік жолдардында 4 трассалық- медициналық құтқару пункті және 19 жылыту пункті жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әрбір құтқару пунктінде тәулік бойы бес маман жұмыс істейді: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және құтқарушы-жүргізуші. Пункттер арнайы медициналық техникамен, авариялық-құтқару құралдарының жиынтығымен жабдықталған. Сондай-ақ тікұшақ алаңы да бар.

– Мәселен қар құрсауында қалып қойған адамдар жол қызметтері келгенге дейін және трасса тазалағанға дейін жол бойынддағы медициналық құтқару пункттерінде бола тұрады. Алайда бұл тұрақтарда тамақ берілмейтінін ескеру керек, –  деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Трассалық- медициналық құтқару пунктері:

«Привольное» – Өскемен-Семей тас жолында (Ұлан ауданы Привольное ауылының маңында);

«Жарма» – Алматы-Өскемен тас жолында (Жарма ауданы Аршалы кентінің маңында);

«Семеновка» – Омбы-Майқапшағай тас жолында (Бесқарағай ауданы Қарабас кентінің маңында);

«Семей» – Омбы-Майқапшағай тас жолында (Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің маңында)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу