KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Тасжолдардағы көлік апаты: қайда, қалай хабарласу керек?

5.08.2019, 05:58 157

Еліміздегі республикалық маңызы бар тасжолдардың көлік апаты жиі болатын 40 учаскесінде медицина-құтқару пункті жұмыс істейді. Аталмыш пунктерді 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Апат медицинасы орталығы ашқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тасжолдардағы медицина-құтқару пунктінің мақсаты – елді мекендерден тыс жерлерде жол-көлік оқиғаларына ұшыраған адамдарға дәрігерлер мен құтқарушыларды шұғыл жеткізу. Бұл нысандар үш модульден тұрады: медицина, техника және тікұшақ алаңы. Автокөлік жолында апаттан зардап шеккендерге толық жабдықталған, мамандандырылған реанимобиль көмекке барады. Әр пунктіде 5 қызметкер жұмыс істейді: дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші-құтқарушы және құтқарушы.

ШҚО-дағы пунктердің орналасқан жерін, атауын, телефон номерлерін біле жүріңіздер:

«Жарма»
Өскемен – Алматы тасжолының 220-шақырымы, Аршалы ауылының маңы
8 (72347) 4-08-14

«Привольное»
Өскемен – Семей тасжолының 85-шақырымы, Привольное ауылының маңы
8 (7233) 43-14-46

«Семеновка»
Омбы – Майқапшағай тасжолының 360-шақырымы, Қарабас ауылының маңы
8 (72236) 2-29-29

«Семей»
Омбы – Майқапшағай тасжолының 825-шақырымы, Суықбұлақ ауылының маңы
8(72347) 6-78-03
 

 Сондай-ақ:

Алматы облысы

«Жаңаарқа»
Алматы – Өскемен тасжолының 43-шақырымы, Жаңаарқа ауылының маңы
8 (7273) 98-26-93

«Сарқан»
Алматы – Өскемен тасжолының 400-шақырымы, Сарқан ауылының маңы
8 (72839) 3-44-95

«Үшарал»
Алматы – Өскемен тасжолының 555-шақырымы, Үшарал – Аягөз – Достық жолайрығы
8 (7283) 32-88-80
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу