ШҚО тасжолдарының бойында медициналық және құтқару пунктілері жұмыс істейді
Шығыс Қазақстандағы тасжолдардың бойында медициналық және құтқару пунктілері жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әрбір пунктіде 5 қызметкер кезекшілік атқарады. Айталық, диспетчер маман – зардап шегушілермен жедел байланыс орнатады. Құтқарушылар қандай да бір оқиға орнына дереу жетіп, жолаушыларға қол ұшын береді. Дәрігерлер алғашқы кәсіби медициналық көмек көрсетуге дайын болады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда жолаушыларды жақын маңдағы емханаға жеткізеді.
Аталмыш 4 медициналық және құтқару пунктінің орналасқан аумағы:
1. «Привольное» пункті. Ұлан ауданы Привольное кентінің жанында, «Өскемен-Семей» трассасының 85-шақырымы, телефон 8 – (72334)-31446;
2. «Жарма» пункті. «Алматы-Өскемен» тасжолының 889-шақырымы, Жарма ауданы Аршалы кентінің жанында, телефон 8-(72347)-40814;
3. «Семеновка» пункті. Бесқарағай ауданы Қарабас кентінің маңында, «Омск-Майқапшағай» трассасының 634 шақырымы, телефон 8 - (72236)-2229;
4. «Семей» пункті. Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің жанында, «Омск-Майқапшағай» тасжолының 825-шақырымы, телефон 8-(72347) 67-803.