KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Глубокое ауданында жылжымалы медициналық кешен пайда болды

3.11.2020, 12:12 266

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жылжымалы медициналық кешен пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Енді ауыл тұрғындары медициналық тексеруден өту үшін алыстан ат арытып аудан орталығына келіп жатпайды. Аудандық ауруханаға республикалық бюджет есебінен жасалған жылжымалы медициналық кешен келді. Медициналық автобусты жасауға 157 миллион теңге жұмсалды.

Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Қайрат Беделмановтың айтуынша, бұл медициналық кешен тұтас бір емхананың қызметін атқара алады. Осының арқасында елді мекен тұрғындары ауылдан алыстап шықпай-ақ, тегін флюорографиялық, гинекологиялық және зертханалық тексеруден өтіп, УДЗ сынды өзге де қызмет түрлеріне жүгіне алады.

– Біз медициналық кешенді жылдың жылы уағында пайдалануды жөн санап отырмыз. Сондықтан біздің дәрігерлер шалғай ауылдарға қыс басталмай тұрып барып келуді жоспарлап отыр. Келесі жылы сәуір мен қазан аралығында медициналық автобус ауыл тұрғындарына тұрақты түрде қызмет көрсетеді, – дейді бас дәрігер Қайрат Беделманов.

Әрі автобус, әрі амбулаториялық-емханалық кешенде қандай да бір ауру-сырқауды ерте анықтап-білуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар бар. Сондай-ақ медициналық автобусқа автоматты жылыту қазандықтары, кондиционер, раковина және бойлер орнатылған. Яғни медицина қызметкерлері үшін де, пациенттер үшін де қолайлы жағдай жасалған.  Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус-лифті бар екенін айта кетуіміз керек.

– Республикалық бюджет есебінен аурухана сатып алған медициналық жылжымалы кешенді көрдім. Енді аудан тұрғындары жылжымалы кешеннің арқасында тегін медициналық тексерулерден, ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, талдаулар мен басқа да қызмет түрлерін пайдалана алады, – деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахимжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив