Коронавирус жұқтырғандарды емдеуге 2,6 млрд теңге бөлінеді - ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында стационарлық дәрілік көмекке барлығы 8,9 миллиард теңге, оның ішінде коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеуге қосымша 2,6 миллиард теңге өтінім қарастырылып отыр.
Облыстың медициналық ұйымдарында дәрілік заттардың екі айға жетерлік қоры бар. Облыста ауыр науқастар үшін иммундық плазма дайындалуда. Түрлі қан топтарындағы плазманың 2985 дозасы әзірленген. COVID-19-ы бар 50 ауыр науқасқа иммундық плазманың 107 дозасы құйылды.
Оқи отырыңыз