KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Шығыс Қазақстанда коронавирус иммундық плазмамен сәтті емделуде

23.09.2021, 14:45 186

Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекцияны емдеу үшін covid-19-дан айыққан адамдардың плазмасы қолданылады.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін елімізде бірінші болып иммундық плазманы дайындай бастады. Сол кезде, КВИ аурушаңдығының өршуін күтіп, аймақ басшысы Даниал Ахметов иммундық плазма банкін құруды тапсырды. Облыстың қан орталықтары донорларды іріктеу, плазма жинау жұмыстарына кірісті.
Шәкәрім Бұқтұғұтовтың мәліметі бойынша, қанның әртүрлі топтарындағы плазманың 6 639 дозасы дайындалды. Облыстың медициналық мекемелерімен өзара әрекеттесудің нақты механизмі нәтижесінде иммундық плазма тұрақты негізде ауруханаларға жіберіледі. Бүгінде 1 846 доза плазма құйылды. Ол облыстың 953 тұрғынына коронавируспен күресуге көмектесті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив