ШҚО-да коронавируспен ауыратын науқастарға 300 дозадан астам иммундық плазма құйылды
Covid-19 бар пациенттерді емдеу үшін коронавирустық инфекциядан айыққан адамдардың қан плазмасын құюды қолдана бастады.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 мыңнан астам дозасы дайындалды. Қазіргі уақытта 150 пациентке 344 доза плазма құйылды.
Иммундық плазманың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Өскемен және Семей қалаларының екі қан орталығына 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Аудандық ауруханаларға қосымша 15 мамандандырылған мұздатқыш пен 19 плазма мұздатқышты сатып алынбақ.
Оқи отырыңыз