KZ
Өскемен
-14°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

"Биліктен қайыр болмаған соң". Үржарлықтар өз күштерімен аспалы көпір салып алды

28.10.2020, 09:21 213

ШҚО-да ауыл тұрғындары бірігіп, өзен үстінен қатынайтын көпір салды. 

Facebook әлеуметтік желісінде Сайра Нүсіпбаева есімді қолданушы Үржар ауданындағы Көктал ауылының тұрғындарының өз күштерімен аспалы көпір салып алғанын жазып, бейнежазба қалдырды.

-  Көктал ауылының тұрғындары жергілікті биліктен қайыр болмаған соң өз күштерімен жаяу жүргіншілер мен мотоцикл үшін Қатынсу өзенінің үстінен көпір салып алған, - деп жазды жазба авторы.

Бір қызығы ауыл тұрғындары салған көпір Семейдегі аспалы көпірге ұқсайды. Жобасын ауылдағы қарапайым ұстаз жасапты.

- Мына суретте ауыл тұрғындарының жаңа көпірдің жарамдылығын сынап көріп жатқан сәті (суретті ауылдағы ағайын жолдады), - деді желі қолданушы.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу