Қайыңдыда жаңа көпір салынды – ШҚО
Көкпекті ауданындағы Самар ауылдық округіне қарайтын Қайыңдыда жаңа көпір салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жарты ғасыр бұрын салынған көпірдің жөндеу көріп тұрғаны осы.
– Соңғы бірнеше жылда тұрғындар тарапынан көпірге байланысты ұсыныс-пікірлер жиі түсе бастады. Бұл көпір негізі 1970 жылы салынған. Уақыт өте келе аласарған соң, 1980 жылдары қайта бетон құйып, биіктетіп жөндеген көрінеді. Қалай дегенмен жарты ғасырға жуық уақыт өтті, көпірдің материялдары шіріп кеткен. Тіпті көліктер өте алмайтын болды. Сол себепті биыл жаңа көпір салдық, – дейді Самар ауылының әкімі Ахмет Күдербаев.