KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 5,8 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Абай ауданында көп балалы отбасылар баспаналы болды – ШҚО

27.10.2020, 15:00 145

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Қарауылда көп пәтерлі 2 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, 15 тұрғын үй халық игілігіне берілді. Сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынған екі пәтерлі 3 үйдің құрылысы аяқталып, 6 отбасы жаңа қонысқа жайғасты.

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров тұрғын үй иелеріне кілтті өз қолымен табыстады.

– Бұл игілікті істің басы ғана. Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта тағы 13 тұрғын үй (2 пәтерлі) салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін тағы 26 көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болады, – деді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Ауданның зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен тұрғын үйлердің лентасы қиылды. «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығының ақ жаулықты әжелері шашу шашып, халықты бауырмалдыққа, бірін-бірі құрметтеуге шақырды. Шара барысында жергілікті ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі,  «Құрмет» орденінің иегері Төлеген Жанғалиев және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Аманғазы Төлеубек жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, жүрек тебірентер жыр жолдарын арнады.

– Бүгін біз айрықша қуанып тұрмыз. Көптен күткен пәтердің кілті қолымызға тиді. Азаматтардың арқасында армандаған баспанамызға да қол жеткізіп отырмыз, – дейді жаңа пәтер кілтіне ие болған көп балалы ана Айгүл Өмірова.

Тұрғын үйге ие болған тағы бір көп балалы ана Орал Рахымбаева өз қуанышының  шексіз екенін білдіріп, ел азаматтарына алғысын жаудырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив